Экс-банкир Ертаев кінәсін толықтай мойындады

0

Экономика

Қысқа сілтеме алу

10 0 0

Жомарт Ертаев басқа тұлғалармен алдын ала сөз байласып, қызметтік жағдайын пайдалана отырып, миллиардтаған қаржыны жымқыруды ұйымдастырды деген күдікке ілінген болатын. Ол жеті жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

АЛМАТЫ, 6 қаңтар — Sputnik. Экс-банкир Жомарт Ертаев ірі көлемдегі ақшаны жымқырғанын толықтай мойындады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі сот залынан.  

Алматыда бизнесмен, қаржылық сарапшы Жомарт Ертаевтың ісі сотта қаралып жатыр. Экс банкирден бөлек, тағы 36 адам бар. Үш адам зардап шегуші ретінде келіп отыр. Істі Алмалы аудандық сотының судьясы Роман Селицкий қарауда. Барлығы 700 том мен 46 эпизод. Айыптау актісі 280 беттен тұрады. Ол бірнеше күн оқылды.

Тағы оқыңыз: Банкир Жомарт Ертаев Мәскеуде ұсталды

Банкирге сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденді немесе талан-таражға салды деген айып (ҚК 189-бабы 2-бөлігі 3-тармағы) тағылды. Ол қылмыстық кодекстің 28-бабының 3-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылықты ұйымдастырушы деп танылды.

«Кінәмді толықтай мойындаймын», – деді Жомарт Ертаев.

Айта кетсек, бұл бапқа сәйкес, ол жеті жылдан он екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Мүлкін тәркілеп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыру жазасы да қарастырылған.

Жомарт Ертаев ісі

Жомарт  Ертаев 2011 жылдан 2017 жылға дейінгі кезеңде басқа тұлғалармен алдын ала сөз байласып, қызметтік жағдайын пайдалана отырып «BANK RBK» АҚ-ның 144 миллиард теңгесін жымқыруды ұйымдастырды деген күдікке ілінді.

Ертаевпен бірге 54 тұлға күдікке ілініп отыр, олардың арасында банктің 41 топ-менеджері мен қызметкері бар. 

Тергеу барысында қабылданған шаралардың арқасында 15 миллиард теңге өтеліп, 48 миллиард теңгенің мүлкіне бұғау салынды.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз