Экс-әкім Бақауов өз жазасын өзгертуден бас тартты

0
2697

Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауов бүған дейін шартты жазаға ауыстыруды сұрап сотқа өзі өтініш түсірген болатын. Бірақ кейін өз өтінішінен бас тартқан.

Алайда ол сотта  өтінішін кері қайтып алғанын түсіндіре алмады. Сотта прокурор мен судья да Бақауовтың шешімін бір ауыздан қуаттады. Айта кету керек Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауов былтыр мамыр айында Болат Бақауов  асыра пайдаланғаны үшін үш жарым жылға бас бостандығынан айырылған еді. Сондықтан жазасын өтеп болғанша пробациялық бақылауда болады. Яғни рұқсатсыз тұрғылықты жерінен ешқайда кетпеуі тиіс. Бақауов 2016-2020 жылдар аралығында Павлодар облысында төрт жыл әкім болған еді.