Home Жаңалықтар Экономикалық, демографиялық экспансия: Қытай Қазақстанда 56 зауыт салатын болды

Экономикалық, демографиялық экспансия: Қытай Қазақстанда 56 зауыт салатын болды

Қытайдың Қазақстанға 15 жылда құйған инвестициясы 20 млрд долларға жетер-жетпес болса, алдағы бір-екі жылда бұл екі есе көбейіп, 25 млрд долларды құрамақ.

0
1240

Қазақстан мен Қытай арасында инвестициялық байланыс нығаяды. Алдағы 2 жылдың ішінде Қытай Қазақстанға 15 жылда құймаған инвестицияны тарту етпек. Бұл туралы ҚР сауда вице-министрі Қайрат Төребаев пен Қытай коммерция вице-министрі  Ван Шоувэнмен кездесуде  айтылды. Бұл жайлы Bugin.kz платформасы ҚР Сауда және интеграция министрлігінің ресми сайтына сілтеп хабарлады.

Ал бүгін «Қытайдың 56 зауытын салудың артында экономикалық, демографиялық экспансия жатыр» деген Жанболат Мамай 27 наурыз күні митингке шығатынын жариялады.

Қайрат Төребаевтың айтуынша, Қытайдың Қазақстанға 15 жылда құйған инвестициясы 20 млрд долларға жетер-жетпес болса, алдағы бір-екі жылда бұл екі есе көбейіп, 25 млрд долларды құрамақ.

«Қытай – Қазақстанның ең ірі инвесторларының бірі. Ірі бестікке енеді. Қазақстанға құйылған барлық инвестицияның 4,7%-ын құрайды. 2005-2020 жылдары Қытай біздің елге 19,2 млрд доллар инвестиция құйды. Алда индустриалды-инвестициялық серіктестік бағдарламасы аясында 56 заманауи кәсіпорын салуға 24,5 млрд теңге тағы инвестиция тартылмақ. Кәсіпорынның көбі 2023 жылға дейін салынып бітеді», – деді кездесуде Қайрат Төребаев.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта «Қорғас» шекаралық орталығында Қазақстан аумағында жалпы сомасы 110 млрд  теңгеге 29 инвестициялық жобаны іске асыру бойынша 24 инвестициялық компания қызметін жүзеге асыруда. Шамамен 30 000 ш.м. пайдалануға берілді. 1 жоба 100%-ға іске асырылды. 12 жоба бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде, қалған жобалар жобалау сатысында.

Қытаймен аймақтық серіктестікті дамыту мақсатында ҚР Сауда министрлігі Қытай өкіліне «Қорғас» шекаралық орталығында кәсіпкерлер форумын ұйымдастыру бойынша ұсыныс жасап, Еуразиялық экономикалық одақ тауарларын Қытайға қарай өткізу, «Қорғас» орталығының жұмысын реттеу бойынша мәселерін талқылады.

Айта кеткен жөн, Қазақстан мен Қытай арасында сауда-саттық біршама өсті. 2020 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-саттық 4% өсіп, 15,4 млрд долларға тауар сатылды. Қазақстаннан Қытайға жеткізілген тауардың құны – 9 млрд доллар болса, Қытайдан біздің елге жеткізілген тауардың сомасы – 6,4 млрд доллар.

1$, 5$, 10$... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету