«Экономика салалары қалпына келуі тиіс»: Премьер-министр карантиннің жеңілдетуі туралы сөз қозғады — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстанда карантин режимі біртіндеп жеңілдетіледі, экономика салалары қалпына келтірілуі тиіс. Бұл туралы премьер-министр Асқар Мамин Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Асқар Мамин азық-түліктің қымбаттауына байланысты әкімдерге шүйлікті

«Карантиннің жеңілдеуіне байланысты экономика секторлары қалпына келуді бастауы керек. Әсіресе қызмет көрсету секторы. Бұған салықтық ынталандыру, жеңілдікті кредит беруді қамтамасыз ету, отандық тауарларды кепілді өткізу тетіктері арқылы ішкі өндірісті қолдау арқылы мемлекеттік қолдаудың барлық шаралары ықпал ететін болады», — деді Мамин.

Төтенше жағдай режимі мен карантин Қазақстан экономикасына әсер етті. 2020 жылдың қаңтар-сәуірінде ЖІӨ 0,2%-ға төмендеді.

Үкімет басшысы ұлттық экономика министрлігіне премьер-министрдің кеңсесімен бірлесіп, келесі отырыста 2020 жылға дейін экономикалық өсуді қалпына келтірудің кешенді жоспарын ұсынуды тапсырды.

Басым міндет — экономиканың өзін-өзі қамтамасыз етуді арттыру, бәсекеге қабілетті шикізаттық емес секторға негізделген жаңа экономикалық құрылымды қалыптастыру, деп атап өтті Мамин.

stan.kz