Экономика министрі карантиннің өзіне қалай әсер еткенін айтып берді – Қазақстан жаңалықтары

0
0

Ұлттық экономика министрі Руслан Даленов карантиннің өзіне қалай әсер еткені туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министр жұмыс жүйесінің ыңғайлы жағына өзгергеніне қуанышты. Ол карантин кезінде көптеген жаңа мүмкіндіктерге жол ашылғанын, төтенше жағдайлардың ұтымды тұстары да болғанын ерекше атап өтті. 

«Әрине, карантиндік шектеулер барлығының өміріне әсер етті. Сонымен қатар, біздің министрлікке, министрлік қызметкерлеріне және басшылыққа әсер етеді. Маған да ықпалы болды. Жұмысшылардың көпшілігі қашықтықтан электронды құжат айналымы арқылы жұмыс істей бастады. Жедел ұйымдастыруды үйрендік», – деді министр халықпен есеп беру кездесуінде.

Оның айтуынша, кейбір жұмыс процестері тез шешілетін болды. Іс-шаралардың онлайн режимге өтуі уақыт пен қаражат үнемдеуге септігін тигізді. 

«Мысалы, бизнес қауымдастығынан несие беру мәселелерін, салық ұсыныстарын талқылауды ұйғардық, уақытын белгіледік. Бір сағаттың ішінде біз түрлі аймақтардағы кәсіпкерлерді, салық мамандарын, банктерді және даму институттарын онлайн режимінде жинадық. Бәрі бірден қосылды. Қазір бұл әдеттегі тәжірибеге айналды», – деді Даленов.

Алайда министр карантиннің тезірек біткенін қалайды. Қарапайым халық секілді мен де жағдайдың тезірек оңалғанын қалаймын деп ағынан жарылды Даленов. 

«Бірақ, әрине, жалпы, карантин жұмыс пен өмірге белгілі бір шектеулер қояды. Жағдайдың тез арада жақсарғанын біз де қалаймыз», – деп түйіндеді ол.

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз