Экология министрлігі тікұшақ жалдауға 1,5 млрд теңге жұмсамақ

0
137

Экология министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті экипажымен бірге көлік құралдарын жалға беру қызметіне 1,5 миллиард теңге жұмсайды.

Лоттың тапсырыс берушісі «Қазақ ормандарды авиациялық қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету базасы» болды.

2-3-класты тікұшақтар Алматы, Бородулиха, Өскемен, Талдықорған, Катонқарағай, Жамбыл, Бөкебай, Бурабай, Риддер, Көкшетау әуе бөлімдеріне және Өскемен әуе бөлімдеріне 1-класты тікұшақты жалға алады.

Лоттардың жалпы құны — 1 490 189 669 теңге. Мемлекеттік сатып алу конкурсы 2 ақпанда аяқталады.

Экология министрлігінің хабарлауынша, тікұшақтарды жалға алуға 1,5 миллиард қаржы жұмсалады.