Экология министрі Абай облысындағы өрт кезінде неге жылағанын түсіндіріп берді

0

ҚР Экология министрі Зульфия Сүлейменова Абай облысындағы жағдайда неге жылағанын түсіндіріп берді.

«Мен көз жасымды әлсіздік деп санамаймын, ол шын жүректен шыққан жас еді. Мен отбасыларға жаным ашыды, өйткені жақын адамыңнан айырылудың не екенін білемін. Екі отбасында әкесі мен баласы бірге қаза тапқаны тіпті қиын. Мен осы отбасылардың барлығына бардым, олардың барлығы орман шаруашылығымен айналысады екен. Мен шынайы эмпатия адамның әлсіздігі деп ойламаймын», — деді министр.

фото: factchec.kz