Эколог Алматы аспанындағы түтіннің бір себебін анықтады

0
79

Экологтың айтуынша, қыс сайын қала жағылған көмір мен мұнай өнімінен қара күйеге бөленеді, ол қарға, қабырғаларға және тұрғындардың өкпесіне тұнып жатыр.

Көпшілік пешке жанатын нәрсенің бәрін, соның ішінде өңделген майды да сала беретінін білесіздер ме? Алматы облысы мен Алматының аумағында 1000-ға жуық техникалық қызмет көрсету станциясы мен 100 мыңнан астам жеке үй бар, олар тура мағынасында “қолға түскен нәрсенің” бәрімен жылытылады. 200 шаршы метр аумақты жылыту үшін тәулігіне 30 литр өңделген мотор майы жағылады, процесс барысында атмосфераға азот пен күкірт оксиді, түтін газы, хлорлы сутегі, полиаромат көмірсутектер, хлорбензол мен ауыр металдар таралады. Соңғысы ұшатын күл бөлшектері түрінде сіңеді, құрамында алюминий, мырыш, қорғасын, мыс пен хром болады. Біз сонымен тыныс аламыз, осы химиялық заттар емделмейтін респираторлық және жүрек-қан тамырлары ауруларына, сонымен бірге орталық жүйке жүйесі мен тынысалу жолдары ауруларына себеп болады, – дейді Мэлс Елеусізов. 

Эколог жеке үй қожайындары мен техникалық қызмет көрсету орталықтарын өңделген май жағуды тоқтатуға үндейді. 

Осы постпен сүйікті қаламыздың барлық тұрғынына үндеу арнағым келеді: Бұл – біздің ортақ ісіміз. Біз үнемі шағымданамыз, әкімдікті сөгеміз, жауаптыларды іздейміз, бірақ сөйте отырып үйімізді әрқайсымыздың үстімізде Дамоклдың қорғасын семсеріндей болып тұрған нәрсемен жылыта береміз… Оның құрбаны боламын демесеңіздер, азаматтық позицияны белсенді ұстанып, осы мәселені шешуге атсалысуыңыз керек. Ол мәселені шешу керек екені күмәнсіз, – дейді Мэлс Елеусізов. 

Дереккөз: Baribar.kz