Экипаждағылар көз жұмды: Қарағандыда жеңіл ұшақ апатқа ұшырады — Қазақстан жаңалықтары

0

Қарағандыдағы «Балапан» аэродромында FK14 Polaris ұшағы апатқа ұшырады.

Экипаждағылар көз жұмды: Қарағандыда жеңіл ұшақ апатқа ұшырады

Көрнекі сурет

2 адам қаза тапты, деп хабарлайды Stan.kz ҚР ККМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Апат 21 сәуірде сағат 16:25-те болды. Оқиға ұшу жаттығу кезінде болған. Жеңіл ұшақ FK14 Polaris қайғылы оқиға болған жерге қонбақ болған.

«Алдын-ала ақпарат бойынша, экипаждағы 2 адам қайтыс болды», — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

ҚР ІІМ-нің авиациялық оқиғаларды тергеу басқармасы оқиға туралы тергеуді бастауға кіріседі.

stan.kz