«Эйр Астананың» 2 бортсерігі коронавирус жұқтырды — Қазақстан жаңалықтары

0

«Эйр Астана» әуекомпаниясының екі жолсерігі коронавирус жұқтырды. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының логистика және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі басқарушы директоры Қанат Алпысбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

самолет

«Бүгін біздің қызметкерлеріміздің арасында COVID-19 жұқтырған екі адам анықталды, олар «Эйр Астана» әуе кемесінің экипажының мүшелері, — деді Алпысбаев брифингте.

Олар жұқпалы ауруды жұмыс барысында жұқтырмағанын айтты.

«Олар қазір өздерін жақсы сезініп, үй карантинінде жатыр», — деп түсіндірді ол.

stan.kz