«Эйр Астана» жолаушысының «тырысқақ» диагнозы расталмады
Талдау нәтижесінде диагноз расталмады.
Тырысқақ диагнозы күдігімен Дели-Астана рейсінен түсірілген жолаушының диагнозы расталмады, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Талдау нәтижесінде диагноз расталмады. Пациент өткір ішек инфекциясына шалдыққан болып шықты. Ұшаққа мінер алдында ол «күдікті» қарбыз жеген екен.
Дәрігерлер жолаушыларға жағдайды түсіндіріп, шағымдарды тіркеу үшін анкета таратты. Бірақ ешкім шағым жасамады.
Астаналық денсаулық сақтау басқармасы орын алған қауіпті жағдайға байланысты жедел әрекет ете алды. Астананың санитарлық-эпидемиялық қауіпсіздігіне алаңдауға негіз жоқ.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
[ad_2]
Zakon.kz