«Эйр Астана» ұшағы Атырауға жетпей, Оралға шұғыл қонған

0
79

Желтоқсанның 21-і түнде Германияның Франкфурт қаласынан Атырауға жолаушы апара жатқан «Эйр Астана» әуе компаниясының ұшағы Орал қаласына шұғыл қонған. Бұл туралы Қазақстан Инвестиция және даму министрлігінің азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап tengrinews сайты хабарлады.

Мекеме таратқан мәліметте, желтоқсанның 21-і күні сағат 22:40 кезінде Франкфурт-Атырау бағыты бойынша ұшып бара жатқан А321 НЕО жолаушылар ұшағының экипажы ұшақ қозғалтқыштарының бірінде ақау бары туралы хабарлаған. Сағат 23:22 кезінде 64 жолаушысы және 8 экипаж мүшесі бар ұшақ Орал қаласының әуежайына шұғыл қонған.

Компания төтенше оқиғаның жай-жапсары туралы әзірше хабар таратпаған.

Дереккөз: Азаттық