«Ядролық соғыс ықтималдығы туралы әңгімені НАТО мен Украина бастады» – Лавров

0

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров НАТО елдері мен Украинаның ядролық соғыс ықтималдығы туралы әңгімені көтеріп, жұртшылыққа үйрей тудырып жатқанын мәлімдеді, деп жазды kznews.kz сайты.

Оның айтуынша, Ресейдің ядролық қаруды қолдану шарттары әскери доктринада сипатталған.

«Батыс сарапшылары бізді айыптауға тырысып жатыр. Біз, олар айтқандай, әлсірету есебінен күшеюді көздеп отырған жоқпыз. Бірақ қазір болжамды ядролық соғыс туралы әңгіме көтерілуде. Жасалған мәлімдемелерге, осы мәлімдемелерді жасаған кейіпкерлерге мұқият қарауларыңызды сұраймын», – деді Сергей Лавров ресейлік және шетелдік БАҚ-қа берген сұхбатында.

Министр мұндай мәлімдемені алдымен НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенбергтің, ал кейін Украина Президенті Владимир Зеленскийдің жасағанын еске салды.

«Мен Ресейге қарсы соғыс жоспары жасалып жатыр деп санаймын. Егер Батыс бізге қарсы нағыз соғысты бастаса, бұл туралы мұндай жоспарды құрғандар ойлануы керек», – деп толықтырды ол.

Сондай-ақ Сергей Лавров Украина тарапы Ресей Федерациясымен келіссөздер барысында Вашингтоннан нұсқау алып жатыр деген пікір білдірді.