Израильдық спортшылар олимпиада ауылындағы антисекс-төсекті сындырды

0
2821

Израиль ұлттық құрамасының мүшелері Олимпиада ауылындағы антисекс-төсекті сындыру үшін қандай күш жұмсау керегін тексеріп көрді. Эксперимент видеоға түсіріліп, TikTok-та жарияланған. Кейіннен бейнежазба танымал болып кетті. Бұл туралы New York Post басылымы жазды.

Сынақты бейсболшы Бен Вангер бастаған. Ол әуелі Токио Олимпиадасындағы төсекке қатысты сұрақ көп екенін айтады. Кейін ол кереует үстінде секіріп көреді, сынбаған соң командаластары қосыла бастайды.

«Олимпиада ауылындағы төсектерге қатысты сұрақ көп, сондықтан бүгін бұл картоннан жасалған кереуетті сындыру үшін қанша изральдік керек болатынын анықтаймыз», – дейді спортшы ролик басында.

Картоннан жасалған кереуетті сындыруға тоғыз адам қажет болды. Кейінірек ролик TikTok желісінен өшіріліп тастады.

Бұған дейін Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) Токиода олимпиадашыларға арналған антисекс-төсектердің дизайнын бекіткен. Олар төсек 200 келіден асатын салмақ түссе сынатынын ескерткен. Кереуеттер картон қағазынан және матрасы қайта өңделген пластиктен жасалған.