Израильде жезөкшелерге баруға тыйым салынды

0

Израиль парламенті секс-қызмет көрсетуге тыйым салу туралы заң жобасын қабылдады.

 

Бұл туралы NEWSru.co.il басылымы хабарлайды.

Жезөкшелердің қызметін пайдалануға тыйым салудан бөлек, заң жобасында ел азаматтары мен туристерді аталған қызмет түрін көрсететін орындарда (притондар, жезөкшелер үйі) болғаны үшін жазаға тарту қарастырылған. Десе де секс-қызметкерлерге қатысты ешқандай санкция қарастырылмапты.

Заңды бұзған азаматтар мен туристерге айыппұл салынады. Бірінші рет заң бұзғанда 2 мың шекель (200 мың теңгеден аса) , қайталай бұзғанда 4 мың шекель (400 мың теңгеден аса) көлемінде айыппұл салынады. Заңда көрсетілген ерекше жағдайларда заңбұзушылық қылмыс ретінде саналуы мүмкін. бұл жағдайда айыппұл көлемі 75 мың шекельден аса соманы (7 млн 700 мың теңгеден аса) құрайды.

Заң жобасының қаралуына мемлекеттің әділет министрі Айелет Шакед бастама болды.

 

Источник: Stan.kz