Израильде Освенцим шарасы қалай өтті

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

5 0 0

Украинамен ешқандай басқа қарсылас керек емес, деген пікір айтылды. Не себептен бұлай айтылды деген сұрақ туындайды

НҰР-СҰЛТАН, 29 қаңтар – Sputnik. Украина президенті Владимир Зеленский Освенцим концлагерінің (Аушвиц-Биркенау) азат етілуінің 75-жылдығына арналған Польшадағы шараларға қатысты. Ол осы жолы барлығын жақсы өткізуге тырысты, деп хабарлайды РИА Новости.

«Осы жолы» деген сөз бұл жолы аса қажет. Себебі өткен апта Украина басшысы үшін сәтсіз болды. Барлығы Давостағы Бүкіләлемдік экономикалық форумдағы сәтсіз сөз сөйлеу мен Румыниямен дипломатиялық түсініспеушіліктен басталып, Израильдегі жағымсыз әрекетпен аяқталды.

Биылғы Освенцимді азат ету мерейтойы даудың бір бөлігіне айналды. Жанжал бір жағынан Польша, екінші жағынан Израиль, Ресей арасында туындады. Иерусалимдегі еске алу шаралары Польшадағы шараларға қарағанда мол әсер қалдырды.

Ең ықпалды ірі мемлекеттер туындаған қарама-қайшылыққа халықаралық сахнадағыдай, яғни, өзінің қатысуының мәртебесі арқылы қатынасын білдірді. Егер Израильде Ресей, Германия, Франция, Ұлыбритания мен АҚШ-қа аса жоғары деңгейде құрмет көрсетілсе, Польшада барлығы біршама қарапайым өтіп жатыр.

Тағы оқыңыз: Холокост құрбандарын еске алу күні: Освенцим лагерінің тарихы

Бұған қоса, Варшава тарапын кейбір шығысеуропа мемлекеттері, оның ішінде Литва қолдамады. Ұлттық сейм спикері өлтірілген еврейлерді олардың қаза болған жерлерінде еске алу керек деп мәлімдеді. Президент Гитанас Науседа сол жерге аттанды.

Балтық маңындағы көршілердің таңдауы туралы көп нәрсе айтуға болады. Бірақ формалды түрде олардың әрекеттері хаттамаға әрі дипломатиялық тіл талаптарына толығымен сәйкес келеді.

Украина – өз басшысының іс-қимылы салдарынан дау ортасында қалған жалғыз мемлекет. Президент өзін дұрыс ұстамады.

Владимир Зеленскийдің холокост жөніндегі форумға қатысу үшін Иерусалимге ұшып келгені баршаға мәлім. Бірақ ол аяқ астынан негізгі шараға барудан бас тартты. Ешқандай түсініктеме Украина президентінің осылайша ұйымдастырушыларға ғана емес, осы шараға арналған адамдарды кемсіткенін жуып-шаюға мүмкіндік бермейді.

Тағы оқыңыз: Освенцимді кім азат етті – АҚШ үндемеді

Бұған қоса, Украина тарапы Владимир Путинмен кездесу сұрады. Осылайша, Зеленский Израильге осы үшін ғана келгені туралы пікір қалыптастырды. Киев өкілдері Ресей президенті кестесінде олар үшін орын табылады деп бекер үміттенді. Бұл тұста жалпы контекст пен форумға бармауды ескеру керек.

Украина басшысына көп қиындық көрген Израильден кетуге тура келді. Жай келіп-кетпей, ел мен жеке өзінің беделіне кезекті рет нұқсан келтірді.

Әрине, барлығына Владимир Зеленскийді ғана кінәлау дұрыс болмаушы еді. Бұрынғы басшы Петр Порошенко да халықаралық шараларда жиі сынға ұшырап, күлкіге қалатын.

Жалпы, бұл Украина проблемасы деуге болады.

Әрине, бұндай жағдайдың себептерінің бірі – ресми Киевтің мәдениетсіздігі. Олар күрделі сыртқы саяси коммуникация тілін, жай ғана хаттама ережелерін меңгермеген.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз