Израиль қарулы күштері шекарадағы тунельдерді қиратты
Израиль тарабы Ливан шекарасындағы жерасты түнелдерді қиратқанын мәлімдеді. Қарулы күштер бұл жерасты жолдарын Хизбуллах ұйымы жағынан қазылғанын мәлімдеген.
Түріктің «Анадолы» ақпараттық агенттігінің хабарына қарағанда, Израиль қарулы күштері «Солтүстік қалқаны» атты әскери операциясы кезінде шекарада жарылыстар жасаған. Оның себебін түсіндіру үшін Хизбуллах ұйымы жағынан қазылған шекарадағы жерасты жолдарын күйреткенін алға тартқан.
Израиль қарулы күштері аталған операцияны 4 желтоқсаннан бері жүргізіп келеді. Осыдан бұрын шекара сыртында қазылған 4 түнелдің табылғанын мәлімдеген еді. Бұны БҰҰ тарабы да растаған болатын.
Тель-Авив тарабынан бұл туралы ешқандай ресми мәлімдеме таратылмаған.