Израиль Германияны «антисемитизмнен жеңілмеуге» шақырды

0

Израиль президенті Реувен Ривлин Германия үкіметінің антисемитизммен күрес жөніндегі уәкілі Феликс Кляйнің «Германиядағы еврейлер қауіпсіздік мақсатында ұлттық бас киімін шешіп жүргендері дұрыс» деген сөзіне наразы. «Неміс толқынының» хабарлауынша, Израиль президенті Германияның еврей қауымдастығы алдында борышы барын айтып, Ривлинді антисемизмнен жеңілмеуге шақырды.

AFP агенттігі Ривлиннің «Германиядағы еврейлердің қауіпсіздігіне алаңдау – антисемитизм алдында тізе бүгу және еврейлердің неміс жерінде өздерін қауіпсіз сезіне алмайтынын мойындаудың белгісі. Біз бұған көндікпейміз, антисемитизмнен жеңілмейміз» деген сөзін келтіреді.

Өткен аптаның соңында, 25 мамырда Феликс Кляйн қоғамда «иудаизм ұстанушыларға қатыгездік күшейіп, оларды бақылаудың әлсіреп кетуіне байланысты» еврейлерге көпшілік орындарға ұлттық бас киіммен шықпауға кеңес берген.

Германия үкіметінің антисемитизммен күрес жөніндегі уәкілінің сөзін Германиядағы еврейлер орталық кеңесінің басшысы Йозеф Шустер де қолдап, «Қандай дінді ұстанатыны киімінен байқалатын еврейлерге елдегі кейбір ірі қалаларда қауіп төне бастағанын» айтқан.

Azattyq

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз