Израиль Газа секторындағы бітімгершілікті ұзарту жоспарымен келісті

Израиль палестиналық ХАМАС радикалдық қозғалысымен атысты тоқтатудың бірінші кезеңі аяқталған соң, уақытша шара ретінде Газа секторындағы бітімгершілікті ұзарту туралы ұсынысқа келісім берді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі DWбасылымына сілтеме жасап хабарлайды.
2 наурызда бұл ұсынысты АҚШ президенті Дональд Трамптың Таяу Шығыс бойынша арнайы өкілі Стив Уиткофф ұсынған.
Бітім Рамазан айы мен еврейлердің Песах мейрамы аяқталғанға дейін жалғасады.
ХАМАС бұл ұсынысқа әлі жауап берген жоқ
Сарапшылардың айтуынша, атысты тоқтатудың екінші кезеңі Газа секторындағы соғыстың тұрақты түрде аяқталуына әкеледі.
“Содырлар кепілге алған адамдардың жартысы келісім күшіне енген күні босатылуы керек. Ал қалғандары тұрақты атысты тоқтату туралы келісімге қол жеткізіген кезде босатылуы керек”, – деп мәлімдеді Израиль тарапы.
Бұған дейін бітімгершілікті ұзарту идеясын қабылдамаған ХАМАС бұл ұсынысқа әлі жауап берген жоқ.
Бұған дейін Израиль жүздеген палестиналық тұтқынды босатуды кешіктіргені туралы жазған едік.