Іздеуде жүрген қазақстандық Түркиядан экстрадицияланды

0
71
27 Желтоқсан 2018, 12:12 194 0

Астана, BAQ.KZ. Бүгін Бас прокуратура мен Қазақстан ІІМ Интерполының қызметкерлері қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Ибрагим Сулиевті Түркиядан Қазақстанға экстрадициялады. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Алматы қаласында аса ауыр қылмыс жасағаны үшін күдікті 2014 жылдан бастап халықаралық іздеуде болған.

Экстрадиция қазақстандық құқық қорғау органдары мен түрік әріптестердің өзара үйлесімді іс-қимылының нәтижесінде жүзеге асты.

Қазіргі уақытта Сулиев Астана қаласының тергеу изоляторына жабылды.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:

Дереккөз: BAQ.KZ