Іздеу жарияланған Дина Таңсәрі үстінен қозғалған істерге қатысты түсініктеме берді
”НеМолчи.kz» қорының басшысы Динара Смайылова, яғни Дина Таңсәрі есімімен белгілі белсенді алаяқтық бойынша қозғалған істерге қатысты түсініктеме берді.
Айта кетейік, белсендінің үстінен алты қылмыстық іс қозғалып, оның екеуі «Алаяқтық» бабы бойынша тергелуде.
Тергеушілер оның қазақстандықтар зорлық-зомбылық құрбандарына көмекке аударған қордың ақшасын жеке қажеттіліктеріне жұмсағанына сендіреді.
Осы жайттардан кейін Динара Смайылова өзінің Facebook-парақшасында адвокаттардан көмек сұрады. Айтуынша, оның жұбайы екеуінің шоттары бұғатталған, сондықтан олар ақылы заң көмегіне жүгіне алмай отыр.
Желі қолданушылары Динара Смайыловадан не себепті тергеуде аударымдар мен шоттарды, барлық есептерді бермей жатқанын сұрады. Бірақ белсенді тергеушілер тек кейбір посттарды ғана іске қосқанын айтады.
“Барлық есепшоттар мен аударымдар бар, бірақ олар мені тіпті сұрамады, істің басталғанын хабардар етпеді, менің дәлелдерімді тыңдамады, есептерімді зерттемеді. Олар тек есептер жоқ таңдаулы посттарды іске қосқан», — деді ол.