Із-түссіз жоғалған ер адамның денесі динозавр мүсіні ішінен табылды

0
481

Бір апта бұрын Барселонадағы Санта-Колома-де-Граманет ауданында ер адам ұлымен бірге серуендеп жүріп, өліктің жағымсыз иісін сезген. Бұл иіс папье-машеден жасалған ескі динозавр мүсінінен шығып жатқан. Жасанды мүсіннің ішіне басын сұғып қараған испандық ер адам онда адамның денесі жатқанын байқайды. Мәйіт адамға тән емес қалыпта жатқан.

Оқиға орнына көп ұзамай полиция мен үш өрт сөндіру бригадасы келді. Мәйітті шығарып алу оңай болды.Динозаврдың аяғын кескен соң, арматура мен папье-машеден жасалған үш метрлік құрылыстан жәбірленушінің денесін босату мүмкін болды. Енді болмаса мәйіт бұзыла бастаған.

Полиция зорлықпен өлтіру іздерін таппаған. Осы орайда полиция ер адам жасанды динозавтрдың ішіне түнеу үшін кіргендеп топшылаған. Олардың болжамынша, марқұм панасыз кісі болған.

Бірақ көп ұзамай жағдайға қатысты жаңа деректер пайда болған. Мәйіт 39 жастағы жергілікті тұрғынға тиесілі екені белгілі болды, оның туыстары бірнеше сағат бұрын полицияға адам жоғалғаны туралы арыз берген. Осылайша, тергеу трагедияның негізгі себебін іздейді.

Шамасы, ер адам байқамай телефонын динозаврдың ішіне түсіріп алса керек. Смартфонын шығарып алуға тырысқанда, тепе-теңдігін жоғалтып, нәтижесінде өзі үшін қақпан болған құрылыстың ішіне құлаған.  Испандық азамат басы салбырап тұрып қалған, ал оның көмек сұрап айқайлағанына ешкім келмеген. Осындай жағдайда оның қанша уақыт тұрғаны белгісіз, бірақ сараптама  марқұмның отбасына мәселені анықтап беретін болады.