Із-түссіз Түркияда жоғалған қазақстандық студенттің жағдайы белгілі болды

0

22 қазанда Измирде тұратын қазақстандық студент Рауан Дарханұлы достарымен бірге клубқа кетіп, жоғалып кеткен.

Осы уақыт ішінде Қазақстанның Стамбулдағы Бас консулдығы Измир провинциясының губернаторлығымен, теңіз полициясымен және қазақстандықтардың арасынан еріктілермен бірге жоғалған адамды іздеді.

Бүгін, 28 қазанда ол табылып, полиция бөліміне жеткізілді. Оның жанында анасы мен консулдық қызметкерлері бар.

Ақпарат, фото: t.me/orda_kz