«Иығы мен кеудесін аштым»: Баян Алагөзова Айгүл Иманбаеваны шоу-бизнеске қалай әкелгенін айтты
Танымала продюсер Баян Алагөзова “Дастархан” бағдарламасында Айгүл Иманбаеваның өзінен көмек сұрап келгенін айтты. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Айгүл маған өзі келді. Өте қарапайым еді. Бірақ сол кездің өзінде Айгүл Иманбаева деген аты болатын. Сондықтан оны сөзсіз таныдым. Жасы отыздың төңірегінде. Шоу-бизнес үшін мерзімі өткен “тауар” деуге болады. Бірақ іргетасы бар деп ойладым. Айгүл: “Мен – актрисамын, енді әнші ретінде бағымды сынағым келеді” деді. “Мен де енді бастап келе жатқан адаммын. Соңы қалай болатынын білмеймін. Бірақ сені қазіргіден де жақсы ететінінім сөзсіз” деп жауап бердім мен. Сөйтіп бірге жұмыс жасадық. Бір-бірімізден үйрендік. “Айгүл, концертте балетпен бірге билейсің” дедім. “Есің дұрыс па? Мен билей алмаймын ғой” деп еді, “үйренесің” деп бой бермедім. Сөйтіп билеп шықты”, – дейді өткен жылдарды еске алып.
Продюсер танымалдыққа жету үшін нендей тәуекелге барғанын баяндады.
“Бұл қызға не кигізбедік?! “Кеудеңді аш. Сенің әдемі кеудең бар, әртіс емессің бе, барлығын көрсету керек” десем, Айгүл “ұят болады” деп қоймайды. Сөйтіп белін қылдырықтай қылдым, кеудесін, иығын аштым. Аяғын да ашқыздым”, – дейді Баян Алагөзова күліп.