Итті пультпен басқара аласыз: инженерлер жаңа құрылғы ойлап тапты

0

Итке арнайы жилет кигізеді. Бұл жилетке жұмсақ қадауыштары бар мотор орнатылған. Ал адам пульттің көмегімен сигналдар жіберіп отырады

Жаңа туындыны сынақтан өткізу үшін Израиль инженерлері қолға үйретуге икемді итті таңдап алыпты.

Пультпен басқару былайша жүзеге асады: сигнал пульт арқылы беріледі, әр әмірдің өзіндік вибрация тізбегі бар. Ит осы комбинацияны жадында сақтап, орындап отырады.

Тағы оқыңыз: Әбжыланмен айқасқан ит өліп бара жатып баланы құтқарып қалды — видео

Жаңа құрылғының арқасында ит айтқанды бұлжытпай орындайтын болады, деп сендірді өнертапқыштар.



sputniknews.kz


Тегтер:видео