Итке шалынып құлаған әйел саусақтарынан айырылды

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Оқыс жайттан кейін әйелдің жағдайы күрт нашарлап, аурухана түскен

НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз – Sputnik. АҚШ-тың Райс-Лейк қаласы тұрғыны суық тиген балаларынан инфекция жұқтырып оң аяғы, саусақтары мен башпайларынан айырылды, деп хабарлайды Daily Mail.

2015 жылы маусым айында 37 жастағы Алиша Кеннен итке шалынып құлап, оң иығын сырып алады. Бірнеше күннен соң қолтығы қатты ауырып, дәрігерге қаралған екен. Науқастың жағдайы күрт нашарлап, іштен қан кете бастайды, содан соң ішкі ағзалары қызметінің жетіспеушілігіне ұшыраған. Әйелге тез арада қан құйып, гемодиализ (қан тазарту) жасау керек болады.

Белгілі болғандай, келіншектің ұлдары ангина дертіне шалдығыпты – стрептококк бактериясынан туындаған жұқпалы ауру. Әйелдің иығындағы жарақат арқылы стрептококк қанға түсіп, инфекция өрши түскен екен.

Тағы оқыңыз: Итінің еркелігінің кесірінен әйел қол-аяғынан айырылды

Кененнің қол-аяғына дұрыс қан бармай қалған соң, еті өліп, гангрена басталады. Инфекцияның әрі қарай таралуына жол бермес үшін дәрігерлер әйелдің саусақтарын кесіп тастайды. Әйел адам екі ай ауруханада жатып, 2015 жылдың тамызында шыққан. Төрт айдан соң инфекция тағы қозғады. Бұл жолы Кеннен башпайларынан айырылған.

Соңғы рет 2019 жылдың маусымында ауруханаға түскен келіншектің оң аяғын тізеге дейін кесіп тастапты.

Кенненнің емдеп жазылуы үшін 100 мың доллар (38 миллион 600 мың теңге) қажет. Қаражаты жетпеген ол Facebook және Gofundme краудфандинг сервисі арқылы халықтан көмек сұрады.



sputniknews.kz