Итальяндық ауылға көшкені үшін шетелдіктерге 20 мың еуро төленеді

0

Италияның Санто Стефано коммунасының билігі қоныс аударуға гранттар беру арқылы жаңа жас тұрғындарды тартуға ниетті. Бұл туралы елді мекен әкімшілігінің сайтында хабарланды.

Абруццо аймағында орналасқан Санто Стефано ди Сессанио ауылында 115 тұрғын бар, олардың 41-і 65-тен асса, 13-і ғана 20-ға толмаған.

Билік коммунаның тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін жаңа тұрғындарды тартуды күтуде. Ол үшін олар бизнесті бастау үшін 20 мың еуро (10 миллион теңгеден астам) грант, сондай-ақ алғашқы үш жылда сегіз мың еуро (шамамен 4 миллион теңге ) жылдық төлемдер ұсынады.

Барлық қоныс аударушыларға жалға берілетін тұрғын үй номиналды ақыға беріледі. Коммунаға көшкісі келетіндер 18 бен 40 жас аралығында болуы керек. Сонымен қатар, азаматтығына ешқандай шектеулер жоқ, дегенмен, Еуропалық Одақтан тыс жерден келген жаңа тұрғындар ұзақ мерзімді резиденттік мәртебеге ие болуы керек.

Бағдарламаға қатысудың алғышарты — Санто Стефанода бизнес ашу және онда бес жыл өмір сүру. Өтініштер 15 қарашаға дейін қабылданады.