Италияда қазақстандықтар мінген автобус аварияға түсіп, төңкеріліп қалды

0
93

22 мамыр күні Италияның Сиена атты өңірінде туристердің автобусты ЖКО-ға түсті. Бұл туралы ҚР СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Stan.kzхабарлайды.

фото: Vigili del Fuoco

«ЖКО-дан зардап шеккендердің қатарында біздің отандастарымыз бар. Қазақстанның консулы Римнен Сиенаға, оқиға орнына аттанды. Толық ақпарат оқиғаның мән-жайы анықталған соң беріледі», — деп хабарламада жазылған.

ЖКО-да бір жолаушы қаза тапты, оны әртүрлі жарақаттар алды. Зардап шеккендердің барлығы жергілікті ауруханаға жеткізілді. Төрт адам хәл үстінде жатыр.

60 жолаушысы бар автобустың неліктен ЖКО-ға түскені әзірге белгісіз. Corriere della Sera басылымының мәліметінше, аварияға тайғақ жол түрткі болуы мүмкін.

stan.kz