Италияда Кремль олигархтарының мүлкі тәркіленді

0

Италия полициясы Ресейдің Украинаға жасаған шабуылынан кейін Еуроодақтың санкция тізіміне енген миллиардер Алишер Усманов пен пропагандист Владимир Соловьевтің виллалары мен яхталарын тәркіледі, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы. 

Бұл туралы Italian La Reppublica ақпарат көзі хабарлады. Ақпаратты SwissInfo швейцариялық басылымы да растады. Олардың мәлімдеуінше, тәркіленген мүлік 140 миллион еуроға (153 миллион доллар) бағаланған.

Усмановтың тәркіленген вилласы Жерорта теңізіндегі Сардиния аралында, Соловьев вилласы — Италиядағы Комо көлінде орналасқан.

Соңғы 20 жылда ресейлік олигархтардың Италияда көптеген виллалар сатып алғаны атап өтілді. Батыс мемлекеттері Ресей әскерін Украинадан шығаруға ауқымды санкциялар енгізгендіктен, алдағы күндері тағы да көп активтер тәркіленеді деп күтілуде.