Италияда коронавирустың салдарынан тыныс алу мүшесінен айырылған жігітке жаңа өкпе трансплантацияланды – Қазақстан жаңалықтары

0
1
Advertisement

Италияда коронавирус инфекциясының салдарынан тыныс алу мүшесіне зақым келген 18 жастағы жігітке жаңа өкпе трансплантацияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 науқасБұл туралы ANSA порталында жарияланған. 

Басылым мәліметінше, мұндай ота Еуропада алғаш рет жасалған. Күрделі отаны орындауға Милан ауруханасында Италияның ұлттық трансплантация орталығының мамандары жұмылдырылыпты. 

Франческо есімді жігіттің індетке шалдыққаны 2 наурыз күні анықталған. Ал 6 наурыз күні оның халі нашарлап, жансақтау бөліміне ауыстырылған. Дегенмен оның жағдайы сол күйі жақсармапты. 23 наурызда науқас жасанды қан айналымды реттейтін аппаратқа қосылыпты. 

Оның өкпесі коронавирустың ауыр түріне шалдыққаннан мүлдем жұмыс істеуін тоқтатқан. Сол себепті ақ халаттылар оған жаңа өкпе трансплантациялау туралы шешімге келген. Бұған дейін осыған ұқсас оталар тек Қытайда жасалған көрінеді. 

Бірнеше күн өткеннен кейін 18 мамырда Австрияның Вена қаласында дәл осындай ота іске асырылған. 

Отаны жүргізген дәрігердің айтуынша, алдағы уақытта ер азамат күрделі әрі ұзақ ем шараларын қабылдауы керек. 

 

stan.kz

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз