Италияда Covid-19-ға қарсы еуропалық вакцинаның сатылымы басталды: Бағасы 2-3 евро

0

Вакцина 2021 жылдың қаңтарында сатылымға шығады және алғашқы партиясы Италия мен Ұлыбританияда қол жетімді болады деп күтілуде.

Оксфорд университеті AstraZeneca зерттеу орталығы және итальяндық Помезияның Ирбм зерттеу орталығы бірлесіп жасаған ChAdOx1 коронавирустық вакцинасы 2021 жылдың қаңтарында сатылымға шығуы мүмкін. Бұл туралы зерттеу орталығы президенті Пьеро Ди Лоренцо Libero газетіне берген сұхбатында айтты.

Вакцинаны зерттеуді аяқтау қыркүйекке жоспарланған, деді Пьер Ди Ди Лоренцо.

Помезия Ирбм президентінің айтуынша, вакцинаның 30 миллион дозасы шығарылады, оның бағасы 2-3 евро тұрады. Ол екпелер жедел қарқынмен жүретініне сенімді, сондықтан 12 айдың ішінде «планета қорғалады».

Алдын ала келісімдерге сәйкес ChAdOx1 вакцинасы алдымен Италия мен Ұлыбританияда, содан кейін Нидерланды, Франция және Германияда пайда болады.