Италияда бір тәулікте КВИ жұқтырғандар саны рекордтық көрсеткішке жетті

0

Италияда бір тәулікте бір мыңнан астам адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Рейтерс» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл – мамыр айынан бергі уақыттағы ең үлкен көрсеткіш. Науқастардың дені Венето ауданында тіркелген. Еуроодақтың өзге де елдерінен келгендерден де ауру анықталып жатыр.

Сарапшылардың пікірінше, бұған демалыс маусымы себеп. Өйткені сахатшылардың барлығы бірдей санитария талаптарын орындай бермейді. Бұған қоса аймақта халық қазір жағажайға көп барады. Олардың арасында бетперде киіп, арақашықтықты сақтап жүргендері некен-саяқ. Қазір Италияда коронавирус жұқтырғандар саны 258 мыңнан асты. Статистика бойынша әр жетінші науқас жан тапсырған.

Мариса Манчини, Рим қаласының тұрғыны:

– Шет елден келген италиялықтарды карантинге жапқандары дұрыс деп ойлаймын. Тіпті, әзірге сырқа шықпағандары да абзал еді. Егер карантинді қатаңдатып, барлығы қайта жабылатын болса, аймақта жұмыссыздық белең алып, ел экономикасы зардап шегуі мүмкін.

24.kz