Италияда автобус аударылды: тоғыз қазақстандық зардап шекті

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

5 0 0

Зардап шеккен қазақстандықтардың омыртқасы, бұғанасы, қабырғасы сынған, көптеген жарақат алған

НҰР-СҰЛТАН, 23 мамыр — Sputnik. Сыртқы істер министрлігі Сиена провинциясындағы (Италия) жол апатынан зардап шеккен қазақстандықтардың жағдайы туралы хабарлады.

«Италиядағы жол апатынан зардап шеккендер арасында тоғыз Қазақстан азаматы бар», — деп мәлімет берді СІМ.

Олардың бесеуі ауруханаға жатқызылды, қалған төртеуі қонақүйге орналастырылады.

​»Зардап шеккен қазақстандықтардың омыртқасы, бұғанасы, қабырғалары сынып, көптеген жарақат алған», — деп атап өтті ведомство.

Италиялық дәрігерлер зардап шеккендерді қарап, әрі қарай қалай емделуге кеңес береді.

​Қазақстандық дипломат отандастарымыздың қасында, барлық қажетті көмекті көрсетіп жатыр. Зардап шеккендердің туған-туыстарына да жол апаты туралы хабар берілді.

​Зардап шеккен қазақстандықтар туралы қалай білуге болады

Қазақстан Республикасының Италиядағы елшілігіне хабарласу керек: +390636301130.

Италияда автобус аударылды

Сиена провинциясында сәрсенбі күні 60 турист мінген автобус аударылды. Жол апаты салдарынан ресейлік әйел қаза болды, деп хабарлайды РИА Новости. Зардап шеккендердің саны 37 адамға жетті.



sputniknews.kz