Италия тұтастай карантинге жабылды – Қазақстан жаңалықтары

0

Италия билігі бүкіл елде коронавирусқа байланысты карантин жариялады. Бұл туралы мемлекеттің премьер-министрі Джузеппе Конте мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

коронавирус

Аппенин түбегінде тек маңызды себептермен жүруге ғана рұқсат берілген. Бұған қоса елде жаппай адамдар жиналатын іс-шараларға тыйым салынып, барлық оқу орындары, тау-шаңғы курортары, клуьтар мен сұлулық салондары жабылған. 

Қазіргі таңда Италияда 9 мыңнан астам адам жұқпалы індетке тап болған. Ал жалпы Еуропа мемлеткеттерінде бұл көрсеткіш 15 мыңды құрап отыр. 520 адам көз жұмған. 

Қазіргі таңда Италияда түрмеде отырған азаматтар шу шығара бастапты. Олар өздеріне ауру жұғады деп қорғып, биліктен амнистия талап етіп отырған көрінеді. Сотталғандардың наразылықтарын олардың туыстары да қолдап отыр: қылмыскерлердің жақындары жаппай түрменің алдына шеруге шығуда.

Бүгінгі күні инфекцияның таралуына байланысты бірқатар елдерде сақтық шаралары күшейтіліпті. Израиль бұл тұста басқаларынан асып түскен: ел билігі сырттан келушілердің барлығын дерлік карантинге жауып жатыр екен.  

«Біраз ақылдасып барып, біз Израильге келгендердің барлығын екі апталық карантинге жабуды жөн көріп отырмыз. Бұл өте күрделі шешім екені рас, десек те аталмыш шара еліміздің азаматтарының денсаулығын қорғау үшін жасалып отыр. Біз үшін бұл алдыңғы қатардағы мәселе», – деп мәлімдеді Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху.

Шенеунік карантинге жабу тек 14 күнге жүзеге асырылатындығын атап өтті. Ал карантинге жатудан бас тартқандарды қылмыстық жауапкершілік күтіп тұр екен. 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз