Ит аулада ойнап жүрген балаларды құтқарды
Қысқа сілтеме алу
Ит шұғыл түрде ветеринарлық клиникаға жеткізіліп, уға қарсы екпе жасалды. Алайда бұдан еш нәтиже шықпаған
НҰР-СҰЛТАН, 30 тамыз – Sputnik. АҚШ-тың Флорида штатында Зевс атты тоғыз айлық питбуль екі баланы жыланнан құтқарып қалды, деп хабарлайды CNN.
Джина Ричардсон он жастағы Орайли есімді ұлының үйдің ауласында ойнап жүргенін айтады. Алайда аяқ астынан ит баласының жанына барып, белгісіз нәрсемен алыса бастаған. Орайли Зевс жіппен ойнап жүр деп ойлапты. Ит баланы мүлдем жанына жолатпаған. Бірер минуттан соң питбуль жерге құлап, орнынан тұра алмай қалған. Орайлидің 11 жастағы ағасы да аулада ойнап жүріпті.
Бала итке жақындаған кезде жыланға көзі түседі. Кейін бұл өте улы коралл жыланы екені белгілі болды. Жылан тоғыз айлық итті төрт рет шағып алған. Зевс те есесін жібермей, азулы тістерімен оның басын жұлып алып, жұтып қойыпты. Итті шұғыл түрде ветеринарлық клиникаға апарып, жыланның уына қарсы екпе жасалды. Алайда еш нәтиже болмапты. Зевс бір тәуліктен соң, Орайлидің туған күнінде өлген.
Тағы оқыңыз: Ит тірідей көмілген нәрестені құтқарып қалды
Джина Ричардсон барша отбасы қатты өкінетінін айтады. Ол питбуль болмаса, ұлдарымның бірінен айырылар едім деп отыр.
sputniknews.kz