Испания құрамасы әлем чемпионттарындағы рекордын жаңартты

0

Испания мен Германия құрамалары Қатардағы әлем чемпионатының екінші турында кездесті, деп хабарлайды Kznews.kz агенттігі Nege.kz сайтына сілтеме жасап.

Е тобының аясында өткен матч 1:1 есебімен аяқталды.

Осылайша, «қызыл фурия» аталмыш мундиальда сегізінші голын салды. Осыған дейін испаниялықтар Коста-Рика қақпасына жеті гол соққан еді. Бір қызығы, «пиренейліктер» осыған дейінгі әлем чемпионаттарында 8 гол салмаған еді. Тіпті әлем кубогін иеленген 2010 жылы Оңтүстік Африкадағы футбол тойында 7 гол салған болатын.

Енді турнирдің үшінші турында Жапония мен Испания және Коста-Рика мен Германия командалары кездеседі. Ойындар желтоқсан айының 1 жұлдызына жоспарланған.

Фото: massaget.kz