Испания – 2024 жылғы Еуропа чемпионатының жеңімпазы

0

Испания құрамасы футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының жеңімпазы атанды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты өз мәресіне жетті. Берлин қаласындағы “Олимпийский” стадионында Испания мен Англия құрамасы арасында финалдық матч өтті. Алғашқы таймда есеп ашылмағанымен, екінші таймның 47-минутында Испания құрамасы гол соғып, есепте алға шықты. Дегенмен Англияда толассыз шабуыл ұйымдастырып, 73-минутта Коул Палмер есепті теңестірді. Дегенмен 86-минутта Испания құрамасының ойыншысы Микель Оярсабаль гол соғып, Испанияның төртінші рет Еуропа чемпионы атануына септігін тигізді. Ал Англия құрамасы екінші рет Еуропа чемпионатының финалында жеңіліске ұшырады.

Айта кетейік, Испания құрамасы 1964, 2008 және 2012 жылы Еуропа чемпионатының жеңімпазы атанған еді.