Испан ғалымдары шаштың ағарғанын ұзақ өмірдің белгісі деп атады

0
114
Испан ғалымдары шаштың ағарғанын ұзақ өмірдің белгісі деп атады


Испаниялық ғылыми қызметкерлер зерттеу жүргізіп, шаштың ерте ағаруы ол адам ғұмырының ұзақтығының белгісі екенін анықтады. 

Испан ғалымдары жас кезінде және орта жаста шашы ағарған адамдардың жасы ұзақ болады деп отыр.

Сарапшылардың айтуынша, шашты бояуға денедегі «глуатион» деген зат жауап береді екен. Сыртқы сұлулығымен қатар, бұл ферменттің тағы бір пайдасы – ол жүрек-тамыр ауруларының, онкологияның алдын алуды жүзеге асырады.

Шашы қартайған кезде ағарған адамдар бұл ауруларға көбірек ұшырайды, себебі бұл кезде глуатион аурудың алдын алу үшін 50% ғана жұмыс істейді. Қалған 50% ол шаштың түс пигментін ұстауға бағытталған.

Сарапшылардың айтуынша, шашы ерте жаста ағарған адамдарда жүрек-тамыр аурулары жиі кездеспейді, өйткені аталмыш зат аурудың алдын алуға жұмсалады.