ислам елдеріндегі демократияның дамуына үлес қосады

0
42

Ислам ынтымақтастық ұйымы миссиясының құрамында төрт бақылаушы бар

НҰР-СҰЛТАН, 8 маусым — Sputnik. Ислам ынтытмақтастық ұйымы бас хатшылығының өкілдері Қазақстандағы сайлауды бақылауға келді.

«Біздің делегация ИЫҰ бас хатшылығының төрт өкілінен тұрады, біз негізінен Нұр-Сұлтан қаласында бақылау жасайтын боламыз, себебі өңірлерді аралауға уақытымыз жеткіліксіз», – деп хабарлады Ислам ынтымақтастық ұйымының бақылаушылар миссиясының басшысы, саяси мәселелер департаментінің директоры Махмуд Мухаммед Мурад әл-Раиси.


©
Sputnik / Ксения Воронина

Ислам ынтымақтастық ұйымының бақылаушылар миссиясының басшысы, саяси мәселелер департаментінің директоры Махмуд Мухаммед Мурад әл-Раиси

Ол ИЫҰ делегациясы атынан Қазақстан үкіметінің сайлауды бақылауға шақыруына алғыс айтты.

«Менің ойымша, сайлаудың сәтті өтуі ИЫҰ елдеріндегі, оның ішінде Қазақстандағы демократияның дамуына үлесін қосады. Сайлау сәтті өтеді деп үміттенеміз. Бұл сайлаудың сәтті өтуі демократияның дамуына және президент Назарбаев өкілеттігін тоқтатқаннан кейінгі өтпелі кезеңде Қазақстан халқының әл-ауқатына зор үлесін қосады. Біз мұсылман әлемі ретінде бұл сайлаудың табысты болуын күтеміз», – деді әл-Раиси.

Ол ИЫҰ мен ұйымның бас хатшысы атынан Қазақстан халқы мен үкіметіне бар жасылықты тіледі.

Тағы оқыңыз: «Шара қолданылады»: министрлік сайлауда митинг өткізуге қатысты ескерту жасады

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 9 маусымда өтеді. Бүгін – Тыныштық күні, кез келген үгіт-насихатқа тыйым салынады.



sputniknews.kz