«Ислам дінін қабылдады»: Айжан Байзақованың інісі үйленді

0

Танымал блогер, кәсіпкер Айжан Байзақованың інісі Әлихан Байзақов қолына құсын қондырды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Күйеу жігіт жеке парақшасына қалыңдығымен түскен фотосын жариялады.

“Мен 24 жасымда үйленемін деп ойлаған да емеспін. Әйелім биыл ислам дінін қабылдады. Ендеше, несіне созбақтап, қолайлы сәтті күтемін деп ойладым. Ол – менің адамым. Сені жақсы көремін, жаным», – деп жазды Байзақов.

Сонымен қатар шаңырақ көтерген жас отау иелерін әпкесі Айжан Байзақова да құттықтады.

“Отбасымызға қош келдің! Құттықтаймыз! Біз нәзік, әдемі, шынайы жақсы көретін және менің ініме адал жар болатын сені қатты күттік. Сен маған келін емессің, менің сүйікті сіңілімсің. Мен үнемі сендердің тіректерің болып, қолдау көрсетемін. Осы үшін мен түнімен ұйықтамадым, бұл мен үшін туған күніме берілген ең күшті сыйлық», – деді Айжан Байзақова.

Блогер отбасының қуанышты жаңалығын естіген желі қолданушылары да ақ тілегін жаудырды.