Ислам Әбішев 60 миллион теңге пара алған

0
88

Бұрынғы төраға миллиондаған параны тікелей өзі алмағандығын айтады.

Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Су ресурстары комитетінің 62 жастағы басшысы Ислам Абишев 60 миллион теңге пара алған деген күдікке ілінді. Егер алынған ақшаның көлемі қомақты болмаса, онда Ислам Әбішев 2 айдан кейін зейнетке шыға алады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Время газетіне сілтеме жасай отырып.

Ескерте кетсек су ресурстарын Ислам ӘБІШЕВ жеті жылдан астам басқарған. Ал оған дейін Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданы мен Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметтерін атқарған. Өскемен облысын басқарып тұрған кезде қала халқы оны ерекше құрметтеген. Тіпті Бердібек Сапарбаев: Ислам Әбішевты Оңтүстіктен алып келіп, Өскеменнің тізгінін ұстатқанда қателеспеген екенмін. Үш жылда Өскеменнің өңі кіріп, гүл жайнап, құлпырып шыға келді. Ұйқысыз-күлкісіз, таңды-таңға ұрып, талмай істеген алапат бейнет, қаранарлық қайрат пен қара тер халықтың аппақ ықыласы болып қайта оралды. Маңдайдан төгілген тер маржанға айналып, майталман әкім марқасқа қайраткерге айналды – деп баға берген.

Айта кетейік, «Су ресурстары комитетін жеті жылдай басқарып келген Ислам Әбішевті сол кездегі министр Асылжан Мамытбеков тағайындаған болатын. Бұл жағдайға байланысты Мамытбеков істің тек оңды шешілген жағдайда ғана Әбішевтің зейнетке шыға алатындығын айтады.

Бұл жағдай Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында су құбыры мен ауылдық жердегі су тарату жүйесінің құрылысын жаңғырту үшін жалпы құны шамамен 6 млрд теңге көлемінде конкурс ұйымдастыру жұмысынан басталған. Әбішев алды деп айыптап отырған 60 миллион тенге сол 6 миллиард теңгенің 1 пайызы болса керек.

Ислам Әбішев 60 миллион теңгені тікелей өзі алмағандығын айтады. Жыл басында өзі басшылық ететін «Қазақ күресі» федерациясының вице-президенті Серік Төкеевке 1,5 миллион тенге берген. Ал, 60 миллион теңгенің ең соңғы бөлігі, яғни, 50 миллион теңгені 14 наурыз күні Ислам Әбішевтің інісі, Түркістан облысының бизнесмені Қаныбек Әбішевке берілген көрінеді. Содан соң Су ресурстары комитетінің төрағасы қамауға алынған.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz