Ішкі істер министрлігіне жаңа орынбасар тағайындалды — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Ішкі істер министрінің жаңа орынбасарын тағайындалу туралы Жарлыққа қол қойды, деп жазады Stan.kz Ақ орданың баспасөз қызметіне сілтеп.

 

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың үкімімен Марат Қожаев Шадеханұлы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары, ал Махамбет Хайразұлы Абисатов ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары болып тағайындалды», — делінген хабарламада.

Махамбет Әбисатов 1966 жылы дүниеге келген. Алматының тумасы. Қызметін 1983 жылы ішкі істер органдарында қызмет етуден бастайды. 1987 жылы Қарағанды жоғары мектебін тәмамдады.

Түрлі жылдары ішкі істер органдарында, Мемлекеттік тергеу комитетінде және Ұлттық қауіпсіздік комитетінде жұмыс істеді.

2004-2005 жылдары «Беделі» байланыс технологиясы орталығының басшысы қызметін атқарды.

2006-2007 жылдары ҚР Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық полиция комитетінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі Оңтүстік аймақтық дирекциясының басшысы болды.

 

stan.kz