Ішкі істер министрлігінде ауыс-түйіс болды

0

Ішкі істер министрінің орынбасары болып Сәкен Сейтжаппарұлы Сәрсенов тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды.

«Мемлекет басшысының өкімімен Сәкен Сейтжаппарұлы Сәрсенов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды»  делінген хабарламада.