Home Жаңалықтар Ішкі істер министрлігінде 3 мың адам қысқарады

Ішкі істер министрлігінде 3 мың адам қысқарады

0
181

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі министрліктер мен басқа да орталық атқарушы органдардың штат санының лимитіне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының жобасын дайындады.

Атап айтқанда, құжат Ішкі істер министрлігінің штат санының лимитін 2 924 бірлікке қысқартуды көздейді. Мамандандырылған күзет бөлімшелері 2021 жылдың 1 мамырынан бастап қысқарады.

Түсіндірілгендей, лимиттердің азаюы мемлекеттік органдарға, соның ішінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты мен Бас прокуратурасына (аудандық және оған теңестірілген соттар мен қалалық прокуратуралар) бағынатын жекелеген объектілерді объектілер тізімінен шығарумен байланысты. Оларды қорғау функцияларын кейіннен бәсекелі ортаға беру арқылы мемлекеттік қорғауға алады.

Қазіргі уақытта Ішкі істер министрлігінің штат саны 126 563 адамды құрайды, қысқартудан кейін 123 639 адам болады.

Қарар жобасы «Ашық НҚА» веб-сайтында 2021 жылдың 22 ақпанына дейін қоғамдық талқылауға орналастырылды .