Home Жаңалықтар Ішкі істер министрлігі шұғыл түрде комиссия отырысын өткізбек

Ішкі істер министрлігі шұғыл түрде комиссия отырысын өткізбек

0
198
Қоғам

Қысқа сілтеме алу

143 0 0

Министрлік ата-аналар мен мұғалімдерден қылмыстық жауапкершілік 14 жастан басталатынын оқушыларға айтып отыруды сұрайды

АСТАНА, 28 қаңтар — Sputnik. Ішкі істер министрлігі жасөспірімдер ісі және олардың құқығын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын шұғыл түрде өткізуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

ІІМ үкімет жанындағы комиссияның отырысын шұғыл өткізу жөнінде білім және ғылым министрлігіне ұсыныс енгізген. Отырыста Түркістан, Қызылорда, Қарағанды және Ақтөбе облыстарында болған жағдай талқыланады.

«Ата-аналар мен мұғалімдерді жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу мақсатында қылмыстық жауапкершілік жасына жеткендері, ойланбай жасаған әрекеттерінің салдары туралы хабардар етуге шақырамыз. Мектеп жасанда жасаған тек бір ғана теріс қылық жазаға әкеліп соғады және жасөспірімнің өміріне қара дақ түсіреді», — деді ҚР ІІМ ішкі және сыртқы коммуникация департаментінің директоры Алмас Садубаев.

Еске сала кетсек, соңғы күндері әлеуметтік желіні дүр сілкіндірген бірнеше видео тараған еді. Түркістан облысында жасөспірімдер өзінен кіші сыныптарда оқитын балаларға әлімжеттік көрсеткен. Бұдан бөлек Қызылорда облысында дәретханада оқушыны бірнеше жасөспірім жабылып ұрған. Қарағандыда орын беруден бас тартқан 11 жастағы баланы белгісіз біреулер ұрып-соғады.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/