Ішкі істер министрлігі омбы қардың астында қалған көліктер туралы айтты

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

5 0 0

Қар құрсауында қалған көліктерді шығару үшін соңғы үш тәулікте ауыр әскери техникалар да тартылып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 29 қаңтар – Sputnik. Ауа райының қолайсыздығынан омбы қардың астында қалған көліктерді тонау фактілері әзірге тіркелген жоқ. Бұл туралы ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Әзірге тонау, адам өлімі, үсік шалу фактілері тіркелген жоқ. Ішкі істер министрлігі, соның ішінде төтенше жағдайлар комитетінің қызметкерлері, еріктілер, әкімдік жұмысшылары мен жанашыр азаматтар боран басталғалы бері адамдарға көмектесіп жатқанын білесіздер. Ауа райын алдын ала болжап білу мүмкін емес, сондықтан жолға шыққан азаматтарды құтқарып жатырмыз», – деді Қожаев мәжіліс кулуарында.

Қар құрсауында қалған көліктерді шығару үшін соңғы үш тәулікте ауыр әскери техникалар да тартылып жатыр.

Айтуынша, қазір Ақмола, Қарағанды, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында боран ұйытқып тұр. Төтенше жағдайлар комитетінің қызметкерлері тас жолдарда қалған жолаушыларға көмектесуде.

Оқи отырыңыз: Қостанайда екі жұмысшы омбы қардың арасынан табылды – видео 

Қазақстанның басым бөлігінде бірнеше күннен бері боран соғып тұр. Тас жолдар жабылып, рейстер тоқтатылды, мектептерде сабақ тоқтады. Кейбір ұйымдар жұмыс күнін қысқартуға мәжбүр болды.

Нұр-Сұлтанда 27 қаңтарда төтенше жағдай режимі жарияланды.

Синоптиктер жақын арада Қазақстанда жауын-шашын тоқтап, күн 20-30 градусқа дейін суытатынын хабарлады.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз