Ішкі істер министрі Бишімбаевтың камерадағы жағдайы қандай екенін айтты

0

Елімідің бас полицейі экс-министр Қуандық Бишімбаевтың қазіргі жағдайы туралы айтып берді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мәжілістегі брифингте журналистер Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтен “Бишімбаевтың тергеу изляторындағы жағдайы басқа сотталушылармен бірдей ме, әлде оған ерекше жағдай жасалған ба” деп сұрады.

“Әрине бәрімен бірдей, қазір қылмыстық іс сотта қаралып жатыр. Сол себепті изоляторда, заң алдында бәрі бірдей. Ешкімге ерекше жағдай жасалған жоқ, барлығы заңға сәйкес отыр. Ол бәрімен бірге камерада отыр, яғни жанында камераластары бар, – деп жауап берді Ержан Саденов.

Десе де министр оның жанында қанша адам бар екені сұраққа жауап бермеді.

Айта кетейік, бұған дейін 11-12 наурыз аралығында Астанада әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау өткен еді.

Сот ашық режимде өтті, бірақ журналистерді сот залына кіргізбей, баспасөз орталығынан орын берді.

Нәтижесінде сот отырысы алқабилердің қатысуымен 27 наурыз күні сағат 10.00-де өтетін болды.