Ішіндегі жынын қумақ болған: Алматы облысында жігіттің өлімі үшін емші ұсталды

0

Алматы облысында полиция 28 жастағы жігіттің өлімінен соң емші ер адамды қамап қойды.

Ауыл тұрғыны 12 қаңтар күні үйінде қаза болды. Сот-медициналық сараптамаға сйкес, 28 жастағы ер адамның кеуде тұсы мен қабырғасы бірнеше рет жарақаттанғаны, жеңіл жарақат болғаны анықталған. Жас жігіт жергілікті емшіге емделу кезінде жарақаттанған деген болжам бар.

“Марқұмның туыстары тарапынан полицияға арыз түскен жоқ. Бірақ сотқа дейінгі тергеу жүреді. Күдікті ретінде 63 жастағы ер адам ұсталды. Ол дәстүрлі емес медицина бойынша ем жасайды”, – дейді Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Марқұмды емшіге туыстары әкелген. Олардың ойынша, ер адамның ішіне жын кірген. Сол үшін 3 жыл бойы азап шегіп келді деп сенген. Бес күн бойы оның ішінен жындары қуу арқылы болған ем салдарына қайғылы жағдайға әкеп соққан болуы мүмкін.

Облыстық полиция департаментінде тергеуді Қарасай аудандық соты жүргізетінн айтты. Күдікті уақытша ұстау изоляторында.