Ішінде қарапайым ертінді. Қытайда жалған вакцина сатып келген

0
354

Қытай полициясы коронавирустан жалған вакцина сатып келген 80-ге жуық адамды қолға түсірді. Олар әзірге бұл істе күдікті болып отыр, деп хабарлайды РИА Новости.

Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, жуырда өткен операция барысында Пекинде, Цзянсу және Шандунь елдімекендерінде жалған 3 мың вакцина табылды.

Тергеу барысында, тегі Кун азаматтың 2020 жылдан бері жақтастарымен қосылып жалған вакцина әзірлеп келгені белгілі болды. Күдіктілер шприцке қарапайым физертінді құйып, қымбат бағамен вакцина деп сатқан.

Қытай қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету министрлігі халықтан тек лицензиясы бар вакцина алуды сұрады. Сондай-ақ, алаяқтар туралы бірден хабар беруге шақырды.

Қытай 2020 жылдың 15 желтоқсанынан бері халықтың 9 түрлі тобын коронавирустан вакциналауды бастады. 2021 жылдың 26 қаңтарындағы жағдай бойынша 23 млн адамға вакцина салынған еді. Жаңа жылға дейін вакцина салынған адамдар санын 50 миллионға жеткізу жоспарланып отыр.