Ішінде кене құжынаған нанды жеп қойған әйел ажал аузынан қалды
Қысқа сілтеме алу
Нан бір жыл бойы беті ашық күйде сақталған ұннан пісіріліпті
НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз- Sputnik. Жапонияда кене қаптап кеткен нанды жеген әйел өлім аузынан қалды, деп хабарлайды Daily Mail.
43 жастағы жапон әйел «окономияки» деп аталатын ұлттық нан түрін жей бергені сол еді, кенет асқазаны ауырып, жөтел қысып, тұншыға бастапты. Науқас бірден ауруханаға жеткізілді.
Белгілі болғандай, нанды пісіруге бір жыл бойы беті ашық күйде сақталған ұнды қолданыпты. Мамандар ұнға сараптама жжасап, әрбір грамында 4,5 мың шаң кенесі бар екенін анықталған.
Соның кесірінен әйелде аллергиялық реакция туындапты. Науқасқа арнайы дәрі-дәрмек беріген соң, беті бері қарады.
«Тамақпен бірге ағзаға түсетін өте ұсақ жәндіктер адам өліміне әкеліп соғуы мүмкін», — деп жазады басылым.
Шаң кенесіне аллергия, әсіресе, тропикалық және субтропикалық климат тұрғындарында жиі кездеседі, себебі бұл аймақтарда ауа температурасы мен ылғал деңгейі өте жоғары.
sputniknews.kz